"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚПАЛ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА МАКПАЛ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауданың Біржан сал ауданы «Мақпал негізгі мектебі» ММ-нің 2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет мәселелері туралы есебі

04.03.2022

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Мақпал ауылының негізгі орта мектебі» КММ. Заңды мекенжайы Мақпал ауылы, Қарағайлы көшесі 19.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Мақпал ауылының негізгі орта мектебінде білім беру саласында 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2021 жылы Мақпал ауылының негізгі орта мектебі  54 қызмет көрсетті;«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 47;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 7;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 7.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2020 жылы 25 қызмет көрсетілді;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны -20;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 5;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -2

.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

«Мектепке дейінгі ұйымға қабылдау (шағын-орталық)»

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат Мақпал ауылының негізгі орта мектебінің ресми интернет  ресурсында http://sc0016.birzhansal.aqmoedu.kz/ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.  Мақпал ауылының негізгі орта мектебі нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2021 жылы  Мақпал ауылының негізгі орта мектебі  1 дөңгелек үстел өткізді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер көрсетеді. 2021 жылы  мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкер жоқ.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  2022 жылы Мақпал ауылының негізгі орта мектебі   қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

Мектеп директоры                                                                         Ж.А.Тайшикова

Сұрақтар




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 04.03.2022 11:28
Құрылған күні: 09.03.2022 10:13

Текст