"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚПАЛ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА МАКПАЛ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәлімі мол жемісті бас қосу

16.05.2017

Бүгінгі заман білімді басқару мен жоспарлауды менеджмент негізінде жүзеге асыруда ұстаздар қауымы бойында

бәсекеге қабілеттілік пен кәсіби біліктілікті арттыруды талап етіп отыр.Қазіргі

білім – XXI ғасырдың берік тұтқасы, өйткені жаңа ғасыр – бәсеке ғасыры,

білімдер мен біліктілер ғасыры.  

Жақында, 2017 жылдың 10-21 сәуір аралығында   Көкшетау қаласында  Облыстық 

әдістемелік  орталығы базасында

«Білім беру жүйесінің басшысы және ғылыми- педагогикалық кадрлары біліктілігін

арттыратын Республикалық институт жоспарына сәйкес осы институттың «Менеджмент және ақпараттық технология»

кафедрасының аға оқытушысы Жақсылықова 

Кенжегүл Зарлыханқызының ұйымдастыруымен шағын жинақты мектеп

басшыларына арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің білім

беру процесін басқару» тақырыбындағы шағын жинақты мектеп директорларына

арналған біліктілік арттыру курсы өтті.

Курсқа Ақмола облысының

аудандары мен Көкшетау қаласынан 25 мектеп басшылары қатысты. Курстің негізгі

мақсаты:

Курс барысында тыңдаушылар

мектеп басқару ісіндегі өзекті педагогикалық шешімдердің заманауи

әдіс-тәсілдерін меңгерді.  Қазіргі

Қазақстанның білім беру саласындағы 

басшылар стратегиялық саясаты, әлемдік білім кеңістігіне шығу

педагогикалық модельдерді меңгеріп және ақпараттық технологиялар жүйесін шебер

меңгерген тұлға болуы шарт.

Курста дәріс оқыған Кенжегүл

Зарлыханқызы мектепте-оқу тәрбие жұмысын жоспарлауды кемелдендіру, мақсатты

дұрыс қоя білу – нәтижеге жетудің бірден-бір шарты екен түсіндірді.  Атқарылған іске сараптама жасап,

кемшіліктерді анықтау бақылаудың түрлері мен қалыптарын жетілдіру секілді жұмыс

түрлеріне тоқталып, тиімді әдістің нәтижелі жағын алуға бағыт - бағдар берді.

РПКБАИ – ның Онлайн – конференциясы да ұстаздар қауымына  ерекше әсер қалдырды. «Қашықтықтан оқыту

арқылы педагогтың ақпараттық-комуникативтік құзырлықтарын қалыптастыру»

тақырыбында облыстың  мектеп басшылары

топқа бөлініп білім мазмұнын ғылыми негізде шығармашылықпен, шеберлікпен

жеткізу тәсілдеріне риза болып, пікір алмасты.

Дәріскер Кенжегүл Зарлыханқызы

басшыларды шаршатпай сабақ жүргізу әдісін әр- алуан өзгертіп отырғаны соншалық

тіпті, тақырыптың күрделілігі де байқалмады. Жоба қорғау сайысында  4 топтың әрбір мүшелері тақырыпты ашудағы

ұмтылыстарын көрсетті. Солардың ішінде, Шортанды ауданы Мықтыкөл мектебінің

директоры Бекей Досан, Бурабай ауданы Калиева Дина Қамидолақызы,Еңбекшілдер

ауданы Мақпал мектебінің директоры Тайшикова Жадыра Алпысбайқызы, Ақкөл ауданы

Аманкелді мектебінің директоры СерікНұрболат, 

Бұланды ауданы Алтынды мектебінің директоры Молдабеков Манас Болатұлы

т.б. тақырыпты  кең ауқымды ашып, жобаның

өзектілігін, нысанын, құзырлығын нақты айқындап берді.

Курс облыстың мектеп

басшыларына жаңа серпіліс, жаңа бағыт, тың идеялар, шығармашылық белсенділікпен

жігерлі рух сыйлады. Курстан қосымша рухани азық алған мектеп басшылары тың

идеямен қанаттанып, ризашылықпен елдеріне тарқасты.

Тайшикова Жадыра Алпысбайқызы-

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Мақпал негізгі мектебі

Серік Нұрболат – Ақмола облысы

Ақкөл ауданы Аманкелді негізгі мектебі

 

 

 

Просмотров: 267

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст