"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚПАЛ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА МАКПАЛ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер мерекесіне орай 1-сыныпта өткізілген "Туған тілім-анам тілі!" атты тәрбие сағаты.

14.09.2021

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған тілім-анам тілі ».

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу..Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.

Өткізу әдісі: Ауызша журнал.

Тәрбие сағатының барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі:

— Оқушылардың назарын аудару.

ІІ.Кіріспе сөз:

— Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты «Туған тілім-анам тілі» атты тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.

     Анықтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Атазаңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.  

 ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына» әңгімесі

      Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:

«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:

«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» — деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.

     Мұғалім: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?

     Оқушы: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?

     Мұғалім: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.

Оқушы тақпақтары:

1-оқушы:

Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,

Туған тілім-анам тілі — өз тілім.

Туған тілім- далам тілі- өз тілім,

Туған тілім- адам тілі- өз тілім.

2-оқушы:

Жойылмайды, жойылмайды туған тіл. 
Тілдің сырын тереңірек бойлай біл, 
Жоғалту да, дамыту да тіліңді 
Өз қолыңда, соны елім,ойлай біл! 

3-оқушы:

Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнің.

 Ән «Ананың тілі»

4-оқушы:

Туған тілім- тілі ата бабамның,

Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.

Қайда жүрсең меніменен біргесің,

Түсінікті сендей жақын маған кім.

Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,

Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.

5-оқушы:

Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,

Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.

Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,

Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.

6-оқушы:

Кейбіреулер туған тілін білмейді. 
Білмесе де білгісі олар келмейді, 
Туған тілін түсінбеген азамат 
Өз ұлтының қасиетін сезбейді. 

  Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.

Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.

ІV.Қорытынды:

      Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!

Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.

«Тіл – асыл ойдың бұлағы». 

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Осы тілмен мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст