"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАҚПАЛ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА МАКПАЛ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілден артық қазына жоқ

02.03.2017

Тілден артық қазына жоқ

  Қазақ елінің тарихында биылғы жыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен  ерекше

орын алады. Тарихымызбен бірге жасап келе жатқан тіліміз біздің мақтанышымыз .

Тіл- сан ғасырлар шежіресі. Тіл барлық асыл қасиеті, табан тірейтін тұғырлы темір қазығымыз. Оны сақтап,  болашаққа  аманаттау ұрпақ борышы.

  Тіл тарихпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі. Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Тілі жоғалған жұрттың өзі жоғалады »  деген сөзінде үлкен мән жатыр.

  Тіл- ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Қазақ тілі- дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.

  Қазақ тілі бойға ана сүтімен бірге енеді. Ана тілін ардақтай білуіміз керек, қазақ тілі ананың әлдиінен, отбасындағы

тәлім-тәрбиеден бастау алады. Туған тілімен терең сусындау тәрбиемен астарласады. Тілге құрмет, сүйіспеншілік бала кезден басталады. Мағжан Жұмабаев айтпақшы «Жас бала- жас бір  шыбық, жас

күнде қай түрде иіп тастасаң , есейгенде сол иілген күйінде қалмақ. Теріс иіліп

қалған шыбықты түзеймін десең , сындырып аласың » демекші, жас шағынан  қазақ тілінің қадір- қасиетін жете түсіну қажет. Мектебімізде тіл мерекесіне байланысты көптеген іс- шараларды үзбей  өткіземіз. Сыныптар арасында сайыстар, ашық сабақтар, пікірталас, дебат өткізіледі.

Келешекте ана тіліміз тек биіктерден көрініп , өркендей берсін!

 

 

Қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі:  Хасенова Г.А.

 

Просмотров: 382

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст